Парадзюдошы Ақмарал Науатбекке “Жеңіс” клубы KIA K5 көлігін сыйлады
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                                    
                
                
                            
Спорттағы табандылығы мен халықаралық жарыстардағы жетістігі үшін Ақмарал Науатбекке «Жеңіс» спорт клубы су жаңа KIA K5 автокөлігін сыйлады.
Ақмарал Науатбек — 2024 жылы Парижде өткен паралимпиада чемпионы.
«Жеңіс» клубының басшылығы Ақмаралдың жеңістерін елеп, KIA K5 маркалы заманауи көлікті сыйға тарту арқылы спортшының еңбегіне алғыс білдірді.
Еске сала кетейік, Жеңіс клубы бұған дейін тағы бір дзюдошы Абиба Абужақыноваға да көліктің кілтін табыстаған еді.
