Жаңалықтар

Алматыда 1,5 млрд теңгеге салынған крематорий пайдалануға әлі берілмеді

Алматыда 1,5 млрд теңгеге салынған крематорий құр тұр / фото: ашық дереккөз

Алматы қаласында Қазақстандағы алғашқы крематорий 2021 жылы толық салынып біткеніне қарамастан, әлі күнге дейін пайдалануға берілген жоқ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады.

Пономаревтің айтуынша, крематорий Алатау ауданында орналасқан және қазіргі таңда барлық қажетті коммуникациялар тартылып, газбен жұмыс істейтін, Чехияда өндірілген заманауи кремация пеші орнатылған. Жобаның жалпы құны — 1,5 млрд теңге.

«Экологиялық зиянды шығарындылар болмайды. Бірақ ең басты мәселе – бұл нысанды кімнің балансына беру керектігі әлі шешілмеген. Патологоанатомиялық бюро: «бізге керек емес» дейді. Мүмкін, ол мемлекеттің үлесі бар жерлеу қызметі комбинатына берілуі мүмкін», — деді депутат.

Сергей Пономарев бұл мәселені жергілікті және республикалық органдар бірлесіп шұғыл түрде шешуі қажет екенін айтты. Крематорийдің пайдалануға берілмеуі – әлеуметтік маңызды инфрақұрылымның бос тұрып қалуына әкеліп отыр.

Айта кетейік, 2023 жылы Алматы әкімдігі крематорий құрылысын жүргізген мердігер — «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-не қарсы сотқа шағым түсірген. Сот шешімі бойынша компания мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығынан айырылып, бюджетке 2 775 414 теңге қайтаруға міндеттелді.