
2025 жылдың жазында Netflix стримингтік платформасы NASA-мен бірлескен ерекше жобаны іске қоспақ. Енді көрермендер зымырандардың ұшырылымын, ғарышкерлердің ашық ғарышқа шығуын және Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) тікелей репортаждарды үйден шықпай-ақ көре алады.
Тікелей эфир, дубльсіз және титрсыз
Жоба аясында көрсетілетін барлық контент — нақты уақытта көрсетілетін деректі түсірілімдер болады. Яғни дубль, титр, алдын ала монтаж деген болмайды — шынайы, тірі эфир. Бұған дейін тек кәсіби ғарыш ресурстары арқылы ғана қол жетімді болған көріністер енді Netflix арқылы да қолжетімді болмақ.
NASA+ және Netflix: жаңа деңгейдегі серіктестік
Бұл бастама NASA агенттігінің жаңа кеңейтілген трансляциялық бағдарламасының бір бөлігі. NASA бұған дейін NASA+ атты өз стримингтік қызметін іске қосқан болатын. Ол толықтай тегін және жарнамасыз жұмыс істейді. Енді сол эфирлерді Netflix те көрсететін болады. Сонымен қатар NASA-ның ресми сайтынан, қосымшасынан және YouTube-арнасынан да қарауға болады.
Жобаның аясында көрермендер зымыран ұшу сәттерін, Жердің орбитадан көрінісін, нақты ғарыш миссияларынан репортаждарды, сондай-ақ ғылыми контентті жаңа форматта тамашалай алады.