Қарашығанақтағы газ өңдеу зауытының құрылысы тоқтатылды
Жарияланды

Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысы қолданыстағы өнімді бөлісу туралы келісім шеңберінде тоқтатылды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, жобаны қолданыстағы өнімді бөлісу туралы келісім аясында әрі қарай жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім жобаға қатысушы акционерлермен бірлесіп қабылданған.
Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі жобаны басқа жолмен жүзеге асырудың баламалы механизмдерін қарастыруды бастады. Бұл ретте ұлттық компаниялардың қатысуына басымдық беріледі, делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарашығанақтағы газ зауытының негізгі акционерлері ауысуы мүмкін деп жазған едік.