Санжар Тайжанның батареялық стартапы Лондонда үздік атанды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Санжар Тайжан стартапы Лондонда үздік атанды / фото: ашық дереккөз

Қазақстандық жас кәсіпкер Санжар Тайжан негізін қалаған батареялық стартап әлемнің автоөнеркәсіп саласындағы ең ірі конференциясында үздік деп танылды. Лондонда өткен «MOVE 2025» шарасында оның жобасы 200 стартаптың ішінен «2025 ЖЫЛДЫҢ СТАРТАПЫ» атағына ие болды.

«MOVE» конференциясы – жыл сайын өтетін, болашақ көлік және мобилділік технологияларына арналған ең ауқымды жаһандық шара. Биылғы форумға 5 000-нан астам қатысушы келіп, олардың қатарында Mercedes-Benz, BMW, Hyundai сияқты алпауыт компаниялардың бас директорлары да болды.

Стартап жеңімпазы ретінде Санжар LG корпорациясының бас директоры қатысқан арнайы түскі асына шақырылды.

Сондай-ақ оқыңыз