11 мың мұғалім жаз бойы біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқиды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ұстаздар қауымы төрт ай кешіккен жалақыны оқу аяқталғанда ала бастады / фото: ЖИ көмегімен дайындалды
Жаз бойы 11 мың мұғалім біліктілігін арттырады / фото: ЖИ көмегімен дайындалды

Қазақстан мұғалімдері жаз бойы біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша білім алады. 11 мың мұғалімнің біліктілік арттыратыны туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Шілде және тамыз айларында еліміз бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған курстар жалғасады. Осы кезеңде 11 мыңнан астам педагог білім алады деп жоспарлануда», – делінген баспасөз хабарламасында.

Бағдарламаға бастауыш сынып мұғалімдері мен қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық пәндерінің ұстаздары қатыса алады. Кейбір педагогтер инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық сауаттылық бойынша курстары бойынша біліктілігін арттырмақ. Бұл бағыттарды мұғалімдердің өздері таңдаған.

Министрліктің мәліметінше, осы жылы мұндай курстардан 31 мыңнан астам мұғалім өткен. Әсіресе, курстарды оқуда ауыл мектептерінің мұғалімдері белсенді. Олардың курстарға қатысу үлесі 56 %-ға жеткен.

Еске сала кетсек, келесі оқу жылынан бастап мектептерде жаңа штат ашылады. Енді еліміздің барлық мектептерінде профоринтатор мамандары сабақ бере бастайды. KursivMedia басылымы министрліктен нақтылап сұрап, ол мамандардың қандай жалақы алатыны туралы жазған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз