Си Цзиньпин баға саясатын өзгертуді тапсырды, енді Қытай тауары қымбаттай ма

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
қытай тауарлары
Фото: ашық дереккөзден

Қытай бағаны төмендету арқылы бәсекелестерден клиенттерді тартып алу деген саясаттан бас тарту керек. Орталық комиссияның қаржы және экономикалық мәселе бойынша отырысында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин осындай тапсырма берді. Бұл жайлы SCMP жазады.

«Кәсіпорындардың төмен баға үшін жүргізетін ретсіз бәсекесін заңды түрде реттеп, компанияларды өнім сапасын арттыруға бағыттау және ескі өндірістік қуаттарды бірізді түрде шығаруға ықпал ету қажет», – деді ҚХР төрағасы.

Бейжің компаниялардың баға арқылы жүргізетін мұндай қатаң бәсекесі әлемдегі екінші ірі экономикаға кері әсер етіп жатыр деп есептейді. Бұл инновацияны тежейді, тиімділікті төмендетеді және өнім сапасын арттыруға кедергі келтіреді.

Зерттеушілер мен сала өкілдерінің айтуынша, Қытай ішіндегі қатаң бәсеке елдің ішкі өндірістік экожүйесіне қауіп төндіріп, АҚШ-пен сауда соғысы жағдайында ҚХР-дың болашағын қиындата түседі. Қытай тауарларына салынған баж салығы бір кездері 145%-ға дейін жеткен, кейін уақытша 30%-ға дейін төмендеді.

Ірі арматура өндірісінің иесі Цао Лэйдің айтуынша, болат өндірісінде өндірушілер өз өнімдерін өзіндік құнымен немесе тіпті шығынға ұшырай отырып сатады. Ал сауда алаңдары трафикті сақтап, клиенттерді ұстап қалу үшін сатушыларға субсидия беріп, шығынға батады екен.

Сондай-ақ оқыңыз