
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза бір топ депутат Астанадағы LRT-мен сапар шеккенін хабарлады.
Депутат сапар қорытындысы бойынша есеп жариялап, алған әсерін бөліскен.
«Жоба құны 1 миллиард 880 миллион доллар. Иә келісем, сұмдық сома. Бекеттердің саны – 18. Бекеттер арасындағы қашықтық әр қилы. 400 метрден 2 километрге дейін. Бекеттерде эскалатор мен лифттер қарастырылған. Бір құрамның ішінде 4 вагон, бір-бірінің арасы ашық. Құрам саны – 19 дана. Поездардың интервалы 2-4 минут деп отыр», – дейді ол..
Самат Нұртаза вагондардың сапасы жақсы, пластигі жұмсақ екенін айтады. «Әуежай – Нұрлы Жол Вокзал” маршрут ытолық аяқталып, іске қосылған соң, «Қосшы» мен «Ильинка» жаққа тармақтар жоспарланған.
Депутаттың айтуынша, құрылысты жүргізіп жатқан қытайлық жұмысшылар тыным таппай істеп жатыр. Инженерлер бәрін өлшеп, тестілеуден өткізгеннен кейін кепілін береді.
Билет құны 200 теңге болады деп күтіліп отыр. Бірақ ол шешім әлі нақты емес. Поездар таңғы сағат 06:00 мен 23:00 арасында қатынамақ.
Бұған дейін, LRT пойыздарының операторлары Қытайға оқуға кеткен болатын.