Перизат Қайрат басқарған қорды жабу туралы шешім өзгеріссіз қалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Перизат Қайрат басқарған қор жабылады/коллаж kursiv.media

Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорын тарату туралы шешім өзгеріссіз қалды. Ақпаратты Астана қаласы сотының баспасөз қызметі растады.

Істі Астананың апелляциялық сот алқасы 2025 жылдың 2 шілдесінде қараған. Нәтижесінде бірінші сатыдағы сот актісі өзгеріссіз қалды.

Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қоры 2025 жылдың наурызында жабылды. Ол кезде қорды жою туралы талаппен Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Әділет департаменті жүгінген.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді

2024 жылдың 14 қарашасында «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайраттың ұсталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Қайрат 2021-2024 жылдар аралығында қайырымдылық көмек көрсету мақсатында халықтан ақша жинаған. Ол бұл қаражаттар мұқтаж балаларға, Палестина және су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмсалатынын айтқан.

Тергеу амалдарының нәтижесіне сай, жалпы ұрланған қаржы көлемі 3,5 млрд теңгені құраған.

Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс 2025 жылдың 30 маусымында сотқа жіберілді. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралады.

Сондай-ақ оқыңыз