Мұғалімдер «Педстарт» ақылы олимпиадаcына қатысуға міндетті ме

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Мұғалімдер «Педстарт» деген ақылы олимпиадаға қатысуға міндетті ме
Мұғалімдер «Педстарт» ақылы олимпиадасына қатысуға міндетті ме / Фото: ЖИ

Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ақылы негізде «Педстарт» атты олимпиада өткізілетіні жөніндегі ақпаратқа түсінік берді.

Оның сөзінше, Оқу-ағарту министрлігінің бұл олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуге ешқандай қатысы жоқ.

«Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ал министрліктің фирмалық бланкісін заңсыз пайдаланып, жалған хабарлама таратқан тұлғалардың әрекеті – заңға қайшы. Осыған орай, білім беру ұйымдарының басшыларын және педагогикалық ұжымдарды қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Оқу-ағарту министрлігі ұсынбаған, ақылы әрі күмәнді олимпиадалар мен байқауларға қатысуға жол бермеуге шақырамыз», – дейді Мереке Амангелдіқызы.

Ведомство ресми өкілі министрлік ұсынған олимпиадалар мен байқаулардың тізімі №514 бұйрықпен бекітілгенін атап өткен. Тек осы тізімге енгізілген іс-шаралар ғана педагогтердің аттестациясы кезінде есепке алынады.

«Баршаңызды абай болуға шақырамыз. Осындай жағдайлар анықталғанда дереу өңірлік білім беру ұйымдарына немесе Білім саласында сапасын қамтамасыз ету комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз», – дейді ол.

Бұған дейін, 11 мың мұғалім жаз бойы біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқитынын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз