Жаңалықтар

«Сейф-Ломбард» микроқаржы ұйымы еншілес компаниясын иелігінен шығарды

"Сейф-Ломбард"
«Сейф-Ломбард» еншілес ұйымын сатты / Фото: Яндекс карта, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Сейф-Ломбард» микроқаржы ұйымы еншілес компаниясы – Cashdrive Ltd-ны иелігінен шығарды. Cashdrive көлік кепілі арқылы шағын несие берумен айналысады. Бұл туралы мәлімет KASE (Қазақстан қор биржасы) сайтында жарияланды.

Енді «Сейф-Ломбард» микроқаржы ұйымының иелігінде 5 компания қалған.

2024 жылдың ақпанында «Сейф-Ломбард» компаниясының экс-құрылтайшысы, ресейлік банкир Игорь Ким Ұлыбританияның санкциясына іліккен болатын. Сол себепті ресейлік банкир Қазақстандағы «Сейф-Ломбард» ЖШС мен «Береке» микроқаржы компаниясындағы өз үлесінен бас тартатынын мәлімдеген

Биыл 31 наурызда ол «Сейф-Ломбард» ЖШС-дағы 98,9% үлесін Эдуард Лиге сатып, компания қатысушылары қатарынан шықты.

«Сейф-Ломбард» – Қазақстандағы ірі ломбардтардың бірі. Актив көлемімен тізімде төртінші орында тұр. 2024 жылы 4,7 млрд теңге таза пайда тапқан