Қазақстанда гипоаллергенді сүт шығарыла бастайды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
гипоалергенді сүт
Елде гипоаллергенді сүт өндіріледі / Фото: АШМ

Қазақстанның Павлодар қаласында гипоаллергенді сүт шығарыла бастайды. Бұл туралы Аулы шаруашалық министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, «Молком-Павлодар» компаниясы Қазақстанда алғаш рет құрамында бета-казеин A1 ақуызы жоқ гипоаллергенді сүтті өнеркәсіптік көлемде өндіретін сут фабрикасын іске қосқан.

Бұл жобаны жүзеге асыруға A2A2 генотипі расталған асыл тұқымды ірі қара малдың елге әкелінуі негіз болғаны айтылады. Мұндай сиырлардан алынған сүттің де құрамында A1 ақуызы болмай шыққан.

A2 сүтінің басты айырмашылығы – оның құрамында бета-казеиннің A1 формасы болмайды. Бұл ақуыз кейбір адамдардың ас қорыту жүйесіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. A2 сүті, керісінше, жеңіл қорытылып, аллергиялық реакцияларды азайтуға ықпал етеді.

Компания құрылтайшысы Вячеслав Руфтың айтуынша, A2 сүті Жаңа Зеландия, Жапония, БАӘ, Франция және Германияда кеңінен өндіріледі. Бұл өнім барлық елде жоғары сұранысқа ие. Ал ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан мен Ресейде бұл өнім өндірісі әлі жолға қойылмаған.

«Жаңа өндірістік желінің іске қосылуы Қазақстанда гипоаллергенді сүт өнімдерінің толыққанды секторын қалыптастыруға жол ашып, халық денсаулығын жақсартуға және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға елеулі үлес қосады деп күтілуде», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз