Жаңалықтар

Орталық Еуразия елдерінің стартаптары TechCrunch Startup Battlefield-ке қатысады

стартап
Орталық Еуразия елдерінің стартаптары TechCrunch Startup Battlefield финалына қатысады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Орталық Еуразия елдерінің стартаптары TechCrunch Startup Battlefield финалына қатыса алады. Бұл туралы Silkroad Innovation Hub баспасөз қызметі хабарлады.

«Silkroad Innovation Hub TechCrunch және Freedom Holding-пен серіктестікте Орталық Еуразиядағы стартаптар үшін Сан-Францискодағы TechCrunch Disrupt HUB 2015 дейін өтініш берген ең ірі технологиялық конференцияда TechCrunch Startup Battlefield стартап алаңының финалына қатысуға тікелей жол ашатын бірінші аймақтық іріктеу кезеңі басталды» , – делінген баспасөз хабарламасында.

Компания мәліметінше, бұл шараға қатысу үшін 15 шілдеге дейін өтінім беріп үлгеру керек. Конкурсқа Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің стартаптары қатыса алады.

Бұл конкурста үздік деп танылған үш жоба 27-29 қазанда АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында өтетін TechCrunch Startup Battlefield-қа қатыса алады.

TechCrunch Startup Battlefield туралы

Бұлайша аймақтық іріктеуді іске қосу арқылы жаңа стартап иелеріне әлемдегі ең беделді стартап-платформалар алаңына шығуға мүмкіндік беріледі.

«Бұл конкурс негізінде Орталық Еуразиядағы кәсіпкерлер өздерінің инновацияларын Силикон алқабының ең ықпалды инвесторлары мен серіктестеріне көрсете алады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде 100 млн астам адам тұратын аймақтан шыққан стартаптар жаһандық венчурлық ортада көп танылмаған. Бұл өңірде стартап жобалар аз дегенді білдірмейді. Өңірде жыл сайын 200 000-ға жуық STEM мамандары оқу аяқтайды. Сонымен бірге 7 мыңға жуық белсенді стартаптар бар.

Аймақтың венчурлық инвестициялары соңғы жылдары 5,5 есе өсткен. 2023 жылы бұл сома 110 млн доллар болса, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл сома 150 млн долларға дейін артқан. Сондай сәтті жобалардың бірі бағасы 1,16 миллиард долларды құрайтын Uzum мен қаны 100 млн доллардан асатын Higgsfield стартаптары.

Айта кетсек, бұл конкурсқа Astana Hub (Казахстан), IT Park Uzbekistan (Узбекистан), Future Laboratory (Грузия), Sabah Hub и IDDA (Азербайджан), IT Park Mongolia (Монголия), Accelerate Prosperity (Кыргызстан), IT Park Dushanbe (Таджикистан), Startup Centrum (Турция) сынды хабтар қолау көросетеді.

Сондай-ақ бұл бастамаға Freedom Holding в корпорциясы қолдау көрсетіп отыр.

«Біз өңірдегі кәсіпкерлердің әлеуетіне сенеміз және оларға озық тәжірибелерге, тәлімгерлік пен инвестицияға қол жеткізуге мүмкіндік береміз. Бұл бастама стартаптарға сыни қолдау көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар Орталық Еуразияның технология және инновациялық секторы жаһандық трендтерге ілесіп, біртұтас аймақ ретінде дамып келе жатқанын айқын көрсетеді», – дейді Freedom Finance Global президентінің кеңесшісі Марлен Сихаев.

Айта кетсек, TechCrunch DisruptИлон Маск, Серена Уильямс және Сатья Наделла сияқты 165 000-нан астам қатысушылар мен спикерлер қатысатын әлемдегі ең ықпалды технологиялық конференциялардың бірі.