Авто

Chevrolet Tracker 2026: жаңартылған үлгі шығарыла бастады

Chevrolet Tracker 2026 ресми таныстырылымы шілде айында өтеді деп күтіліп отыр / фото: Chevrolet
Chevrolet Tracker 2026 ресми таныстырылымы шілде айында өтеді деп күтіліп отыр / фото: Chevrolet

Chevrolet компаниясы өзінің танымал кроссовері – Tracker 2026 моделінің жаңартылған нұсқасын ресми түрде таныстыруға дайындалып жатыр

CNN Brazil ақпаратына қарағанда, автокөлік Бразилияның Сан-Каэтано-ду-Сул қаласындағы зауытта өндірістен шыққан. Жақын арада дилерлерге жеткізілмек.

Сыртқы келбеті мен дизайны жаңарды

Tracker 2026 екі деңгейлі алдыңғы жарық жүйесімен жабдықталған. Үстіңгі бөлікте жіңішке жарықдиодты күндізгі шамдар бар. Төменгі жағында негізгі шамдар және ықшам тұманға қарсы шам орналасқан. Алдыңғы бампер мен радиатор торы жаңартылған. Енді олар Blazer мен Equinox сияқты басқа Chevrolet модельдеріне ұқсас болады.

Сондай-ақ, RS деп аталатын «спорттық» нұсқасы да өзгерген. Бұл нұсқада көліктің шевроны, айналары мен дөңгелектері қара түске боялған. Ал тордың құрылымы екіге бөлінген.

Қытай нұсқасындағыдай интерьер

Салоны Қытайдағы Tracker моделіне ұқсас етіп қайта жасалған. Құралдар панелі мен мультимедиа жүйесі бір модульге біріктіріліп отыр. Бұл GM-нің соңғы үлгідегі көліктеріндегі жаңалық. Климат-бақылау жүйесі де жаңартылыпты. Бұрынғы үш батырмалы панельдің орнына екі айналмалы тұтқасы және дисплейі бар блок орнатылған.

Қытай нұсқасынан айырмашылығы — бразилиялық Tracker-де құралдар панелінің үстіндегі қорғаныш қалпақша сақталған.

Техникалық сипаттамалар өзгермеген

Chevrolet техникалық сипаттамаларды ресми жарияламағанымен, олар өзгеріссіз қалуы мүмкін:

  • 1.0 Turbo (117/121 а.к.)
  • 1.2 Turbo (139/141 а.к.)

Бұл қозғалтқыштар бензин немесе этанолмен жұмыс істейді және 6 сатылы автоматты беріліс қорабымен жабдықталады. Жетегі – тек алдыңғы. Болашақта мild-hybrid нұсқасы да ұсынылуы мүмкін.

Өндіріс пен экологияға бейімдеу

Сан-Каэтано зауыты Tracker 2026 моделін өндіруге бейімделіп, жаңғыртылды. Жаңа роботтар орнатылды. Бояу желісі жетілдірілді. Сапаны бақылау технологиялары енгізілді. Өндіріс GM-нің экологиялық стандарттарына сай жүргізілген. Эиянды қалдықтарды азайтуға, энергия үнемдеуге басымдық берілген.

Ресми таныстырылым қашан өтеді?

Chevrolet Tracker 2026 ресми таныстырылымы шілде айында өтеді деп күтіліп отыр. Бұл модель Латын Америкасындағы Chevrolet-тің жаңартылған желісіндегі алғашқы көлік болмақ. Жыл соңына дейін Onix, Onix Plus модельдерінің рестайлингтері мен Қытайда өндірілген электрлі Spark EUV және Captiva да нарыққа шығады.

Ал Өзбекстан бес айда 153,8 мың жеңіл көлік шығарған.