Футболшы Диога Жотаның өліміне әлем жұлдыздары көңіл айтты

Жарияланды 3 Шілде 2025 19:37

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
В Сети сочувствуют трагической смерти 28-летнего футболиста "Ливерпуля"
Фото: ашық дереккөзден

Ливерпуль шабуылшысы Диога Жотаның өліміне оның әріптестері көңіл айтты. Футболшының өліміне байланысты УЕФА да ресми мәлімдеме жасады.

«Еуропалық футбол қауымдастығы атынан Португалия құрамасының және «Ливерпуль» клубының ойыншысы Диогу Жотаның бауыры Андре Силвамен бірге қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Оның отбасы, достары, командадағы әріптестері және бұл жүректі сыздатқан қазаға тап болған барлық жандармен біргеміз», – деп жазылған хабарламада.

Жота ойнаған «Ливерпуль» клубы да алғашқылардың бірі болып көңіл айтып, отбасына толық қолдау көрсететінін мәлімдеді. Дәл осылай каталониялық «Барселона«, мадридтік «Реал» да қайғысына ортақ болды.

Дәл осылай Португалияның премьер-министрі Луиш Монтенегру де көңіл айтты.

«Португалияның даңқын шығарған спортшы Диога Жота мен оның бауырының өлімі күтпеген жерден болды және жүректі ауыртты. Оның отбасының қайғысына ортақпын. Футбол үшін, ұлттық және халықаралық спорт үшін қайғылы күн», – деп жазды ол твиттеріне.

Еске салайық, Португалия құрамасы мен Англияның атақты «Ливерпуль» клубының шабуылшысы Диогу Жота жол-көлік апатынан қаза тапты. Оның жасы бар болғаны 28-де еді. Артында әйелі мен үш баласы қалды. Жотаның жанында туған інісі Андре Силва да болған.

Сондай-ақ оқыңыз