Қазақстанның қызмет көрсету саласындағы белсенділігі рекордты деңгейге жетті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Freedom Holding Corp
Фото: ашық дереккөзден

Соңғы төрт айда елдегі іскери белсенділік рекордты деңгейге жетті. Осы уақыт аралығында алғаш рет кадр саны артқан. Бұл жайлы Freedom Holding Corp. PMI зерттеуінде жазылған.

Freedom Holding Corp. PMI сарапшылары 2025 жылдың бірінші жарты жылдығы қазақ қызмет көрсетушілері үшін сәтті аяқталды деп есептейді.

Маусымда Қазақстанның қызмет көрсету саласында жаңа тапсырыстар саны ауқымды әрі тұрақты түрде өсті. Оған қоса, қызмет көрсету саласында жұмыспен қамту қайта артып, қызметкерлер саны аздап ұлғайды.

Негізгі көрсеткіш – Іскери белсенділік индексі. Бұл көрсеткіш қазақ қызмет көрсету секторында қатарынан алтыншы ай өсім болғанын көрсетті. Сонымен қатар индекс
мамырдағы 54,3-тен 55,1-ге көтеріліп, қатарынан төртінші ай бойы өсіп жатыр. 2019 жылдың наурызынан басталған сауалнама тарихындағы ең жоғары деңгейге жетті.

Маусымда қазақ қызмет көрсету компанияларында жаңа тапсырыстар көлемі күрт өсіп, іскери белсенділіктің рекорд орнатуына негіз болды. Қызметкерлер санының өсуі шамалы болғанымен, бұл соңғы төрт айдағы алғашқы өсім болды – бұған дейінгі үш ай
қатарынан аздаған қысқару байқалған еді.

Алдағы 12 айға көз жүгіртсек, Қазақстанның қызмет көрсету компаниялары белсенділік қазіргі деңгейден жоғары болады деген болжам бар.

«Маусым айында қызмет көрсету саласындағы іскери белсенділік сауалнама тарихындағы ең жоғары деңгейге жетті. Жаңа келісімшарттар мен маркетинг стратегиялары нарықты жандандырып, жұмыс орындарын ашуға ықпал етті. Операциялық шығындардың өсуі сату бағасының шарықтауына ішінара әсер етіп үлгерді», – деп атап өтті Freedom Finance Global PLC қаржылық талдау
департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімов.

Сондай-ақ оқыңыз