Степногорсктегі жылу желілерін жаңартуға 2,7 млрд теңге бөлінді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысы Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялау үшін резервтен шамамен 2,7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 6,5 шақырым жылу желілерін жөнделеді.

Степногорсктегі жылу желілерінің ұзындығы – 123,8 шақырым. Магистральдық жылу желісі 1968 жылы салынған, бүгінде құбыроардың 84%-ы әбден тозған.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2025–2026 жылдары 5,8 млрд теңге сомасына ұзындығы 9,5 шақырым, диаметрі 820 мм болатын магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспарланған», – деп жазылған хабарламада.

Қазір қалада 46 мың адам тұрады. Қаладағы көп қабатты үйлер саны – 316 және барлығы орталықтандырылған жылытуды тұтынушылар болып cаналады.

Бұған дейін Жезқазған қаласының жылу желілерін жаңғырту үшін 2,8 млрд теңге бөлінгенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз