Талдықорғанда бес мың адам домбыра тартып, рекорд орнатты
Жарияланды

Талдықорғанда орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған флешмоб ұйымдастырылды. Бір сәтте 5000 адам күй орындап, рекорд орнатты.
Бұл шараға кәсіби музыканттар, мектеп оқушылары, студенттер, өнер сүйер қауым қатысқан. Қазақстан рекордтар кітабының бас редакторы Қайрат Тазабеков рекордты ресми түрде тіркеді. Оны астайтын сертификат Жетісу облысының әкімдігіне табысталды.
Домбырашылар жыршылық-термешілік дәстүрінің көрнекті өкілі Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдық мерейтойына орай «Бақтыбайдың әуені» және танымал күйші-композитор Әбдімомын Желдібайдың «Ерке сылқым» күйлері орындалды.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында Наурыз мерекесі қарсаңында 2,5 мың литр наурыз көже пісіріп, рекорд орнатқан еді.