Журналист Диас Ахметшәріп атындағы сыйлық тағайындалады

Жарияланды 3 Шілде 2025 19:53

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Диас Ахметшәріп комаға түсті/фото: gov.kz

Нашақорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында Кеңес төрағасының орынбасары Жандос Ақтаев танымал журналист Диас Ахметшәріп атындағы арнайы журналистік сыйлық тағайындауды ұсынды. Бұл марапат – есірткі айналымына қарсы күрес, оның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған материалдар үшін беріледі деп жазады Қазақпарат.

Белгілі журналист Диас Ахметшәріп 2025 жылғы 22 мамырда 48 жасында өмірден өтті. Оның соңғы іссапары Қоғамдық кеңестің қызметімен байланысты болған. Ақтауда баскетбол алаңының ашылуына қатысып, жастар арасында спорт пен белсенді өмір салтын дәріптеу бастамасын қолдаған еді.

«Бұл сыйлық – оның ісін жалғастыру. Біз қоғам үшін маңызды тақырыптарды көтеретін, алдын алу, есірткіге қарсы күрес, спортты балама ретінде қарастыратын журналистерді қолдағымыз келеді. Бұл — ақпараттық кеңістіктің саулығына қосқан үлес», — деді Жандос Ақтаев.

Қоғамдық кеңес өкілдері Диас Ахметшәріптің әлеуметтік маңызы зор мәселелерге деген ерекше ықыласы мен осы бағыттағы табанды еңбегі медиа саласындағы өзге де әріптестерге шабыт бола алады деп есептейді.

Еске салайық, танымал журналист Диас Ахметшәріп осы жылы 22 мамырда өмірден озған еді. Ол Маңғыстауға іс сапармен барған кезде инсульт алып, комаға түскен күйі оянбады.

Сондай-ақ оқыңыз