
Жұма, 4 шілдеге арналған валюта бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 1 АҚШ доллары 519,57 теңге тұрады. Ұлттық валюта сәл арзандаса, крипто құны күрт көтерілді.
Доллар қымбаттады
Доллар бір тәулікте 1,09 теңгеге қымбаттады. Апта басында теңге сәл де болса нығайған. Енді Құрама Штаттар валютасы қайтадан күш ала бастады. Салыстырар болсақ, бір ай бұрын доллар 508 теңге болған. 30 күннің ішінде АҚШ валютасы шамамен 11 теңгеге күшейгенін көріп отырмыз.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау мекемелерінде бір доллар 519,5 теңгеден сатылып, 521 теңгеден қабылданып жатыр. Астана қаласындағы валюта саудасы – 524 және 518 теңге.
Крипто да қымбаттады
Bitcoin (BTC) қымбаттап жатыр. Қазір BTC шамамен 109,7 мың доллар тұрады. Кеше ғана 105 мың долларға дейін түсіп кеткен биткоин бір тәулікте 2%-ға, яғни шамамен 4-5 мың долларға қымбаттаған.
Биткоин капиталы 2,18 трлн доллардан асты.
BTC соңғы рет осындай жоғары бағамен 11 маусымда саудаланған. Мамандар осы айда биткоин 115-118 мың долларға дейін көтерілуі мүмкін деп болжаған.
Ал Ethereum (ETH) болса бір тәулікте 6%-ға дейін көтерілді. Қазір ETH 2 593 доллардан сатылып жатыр. Кеше ғана этериум құны 2 399 долларға дейін түсіп кеткен еді. Этериум капиталы – 313 млрд доллар.
Binance Coin (BNB) токені шамамен 663 доллардан саудаланып жатыр. Екі күн бұрын ол 653 доллар тұрды. Бинанс Коин капиталы – 93 млрд доллардан асты.
Криптонарықтың жалпы капиталы бір тәулікте 2,7%-ға артып, 3,39 трлн долларға дейін жетті.