Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігінде қозғалыс шектеледі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматыда қозғалыс шектеледі/фото: shutterstock

Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігінде 5 шілде сағат 23:00-ден бастап 6 шілде сағат 08:00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі.

Райымбек даңғылы бойымен Ахрименко көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін екі бағытта автокөлік қозғалысы жартылай тоқтайды.

Алматыда жолдағы қозғалыс уақытша шектеледі/фото: Алматы әкімдігі

«Уақытша шектеу жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау мақсатында 1983 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыржол учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Айта кетейік, 10 шілдеге дейін Мамыр көшесінде Абай даңғылынан Медеубеков көшесіне дейінгі аумақта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары жүретін аумақтың ұзындығы шамамен 650 метр. Соған байланысты Мамыр көшесінде қозғалыс уақытша шектелген.

Сондай-ақ оқыңыз