
Актриса Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Сүйінші жаңалықты тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы бөлісті.
«Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова қалыңдық атанды.Ақжүрек, кең пейіл азаматың сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім», – деп жазды Сұлтанқызы.
Айта кетейік, Құралай Анарбекова Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» тарихи драмасында Корлан кейіпкерін сомдады. 2017 жылдан бері бірнеше бөлімі шыққан «Брат или барк» фильмінде басты рөлді сомдайды, сонымен қатар фильм продюсері.