Оралда 25 жыл бұрын екі адамды атып өлтіргендер сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Оралда 25 жыл бұрын адам өлтіргендер сотталды/фото: shutterstock

Батыс Қазақстан облысында 25 жыл бұрын жасалған қылмысқа қатысты үкім шықты. Істі Алқабилер соты қараған. Қылмыстық іс сотқа қылмыстық кодекстің 99-бап, 2-бөлім, 1, 7 тармағы бойынша түскен.

Сот барысында 2000 жылдың 13 желтоқсанында шамамен сағат 18:00-де Орал қаласында Б. мен С. жәбірленушілермен бірге автокөлік ішінде отырып, Ш. мен С.-ның басы мен мойнынан тапаншамен атқан.

Жарақаттан жәбірленушілер сол жерде қайтыс болған.

Сотталушы Б. екі адамды өлтіру бойынша өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты, С өз кінәсін мойындаған жоқ.

Алқабилер алқасының үкімімен Б. және С. өздеріне тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Б. 19 жылға, ал С. 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде қызды кепілге алып, ата-анасын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды.

Сондай-ақ оқыңыз