Қайрат Нұртас концертін телеграмнан тікелей эфирде көрсетуі мүмкін

Жарияланды 4 Шілде 2025 15:35

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қайрат Нұртас Ресей қалаларында концерт береді
Қайрат Нұртас концертін тікелей эфирде көрсетуі мүмкін / фото: ашық дереккөз

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас 7 шілде күні Астана қаласында өтетін ән кешін тікелей эфирде көрсетуі мүмкін. Әнші бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялап, тыңдармандарынан пікір сұрады.

«Ассалаумағалейкум, менің сүйікті тыңдармандарым 7 шілде күні Астана қаласында өтетін ән кешімді тікелей эфирде телеграмм арқылы көрсетілім жасасам қалай ойлайсыздар? ИӘ немесе ЖОҚ деп жауап қалдырыңыздар! Сіздер не айтасыздар – сол болады», – деп жазды Қайрат Нұртас.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, пікір қалдырып жатыр. Көпшілік Қайраттың ән кешін онлайн форматта да көруге мүмкіндік болатынына қуанышты.

Қазіргі таңда Қайрат Нұртастың командасы тыңдарман пікірі негізінде шешім қабылдамақ. Егер көпшілік қолдаса, концерт Telegram платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойынының тікелей көрсетілімін сатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз