Трамп Ақ үйде UFC жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Трамп Ақ үйде UFC жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр / фото: reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылдың 4 шілдесінде Ақ үй аумағында UFC турнирін өткізетінін мәлімдеді. Бұл күн — Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік декларациясының 250 жылдығына орай белгіленген ерекше дата.

«Біз UFC жекпе-жегін Ақ үйде өткізгелі отырмыз. Дана Уайт бұл іске кірісіп кетті. Біз 20–25 мың адамға арналған чемпиондық айқас ұйымдастырғымыз келеді», – деді Трамп журналистермен кездесуде.

Кейінірек Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Трамптың бұл жоспарына шын мәнінде байыппен қарап отырғанын растады.

Трамп UFC-дің бұрыннан жанкүйері сондай-ақ, ұйым президенті Дана Уайтпен тығыз қарым-қатынаста. Трамп бірнеше мәрте UFC турнирлеріне қатысып, 2024 жылғы президент сайлауындағы жеңісінен кейін де октагон жанынан табылды. Ал Дана Уайт өз кезегінде Трампқа қолдау білдіріп, оның 2025 жылғы инаугурациясына қатысқан еді.

UFC ұйымының ресми әлеуметтік желідегі парақшасында Трамптың сөзінен үзінді жарияланып, жанкүйерлерден: «Ивенттің басты жекпе-жегінде кімді көргіңіз келеді?» деген сауал тасталды. Комментарийлерде көптеген танымал файтерлер де тарихи оқиғаға қатысуға дайын екенін білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 4 шілде АҚШ тәуелсіздік күніне орай, Американың қалай егемендік алғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз