Тоқаев АҚШ-тың тәуелсіздік күнімен құттықтап, Трампқа жеделхат жіберді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Токаев поздравил Трампа с Днем независимости США
Тоқаев Трампты Америка құрама штаттарының тәуелсіздік күнімен құттықтады / Фото: коллаж kursiv.media

Тоқаев АҚШ-тың тәуелсіздік күнімен құттықтап, Трампқа жеделхат жіберді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент бұл мерекені Америка халқының табандылығы мен өршіл рухын, сондай-ақ бостандық пен демократия қағидаттарына деген мызғымас беріктігін бейнелейтін айтулы күн ретінде атап өтті.

«Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін», – делінген хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеген.

Бұған дейін президент Трампты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз