
Тоқаев АҚШ-тың тәуелсіздік күнімен құттықтап, Трампқа жеделхат жіберді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент бұл мерекені Америка халқының табандылығы мен өршіл рухын, сондай-ақ бостандық пен демократия қағидаттарына деген мызғымас беріктігін бейнелейтін айтулы күн ретінде атап өтті.
«Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін», – делінген хатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеген.
Бұған дейін президент Трампты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдаған болатын.