Ресейдің «Транснефть» компаниясының вице-президенті биіктен құлап қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
«Транснефть» топ-менеджері Андрей Бадалов биіктен құлап қайтыс болды / Фото: voskhod.ru, бильд-редактор: Дастан Шанай

Транснефть вице-президенті Андрей Бадалов биіктен құлап кеткен. Құзырлы органдар шенеуніктің өзіне қол жұмсағанын хабарлаған.

«Транснефть» вице-президенті Рублевское тас жолындағы пәтерінің терезесінен құлап кетті. Алдын ала болжам бойынша, «өлімге өз-өзіне қол жұмсау себеп болды», – деп хабарлады Ресей басылымдары.

Ресей БАҚ-тарының хабарлауынша, компания топ-менеджері оныншы қабатта тұрған. Бірақ оның ғимараттың 17-ші қабатынан құлағаны айтылады. Ресейдің құзырлы органдары Бадаловтың өзіне қол жұмсамас бұрын әйеліне хабарлама жіберіп, қоштасқанын мәлімдеген.

Айта кетейік «Транснефть» Ресейдегі және әлемдегі ең ірі мұнай мұнай компаниясы саналады. Андрей Бадалов компанияның цифрлық трансформациясы мен IT қызметін 2021 жылдан бері қадағалап келген.

Айта кетейік «Транснефть» АҚ-ның Қазақстанның мұнай саласына тікелей қатысы бар. Компания Каспий құбыр консорциумының 31% акциясына иелік етеді. «Транснефть» Ресей аумағындағы құбыр желілерінің техникалық қызметіне және Новороссийскідегі теңіз терминалына жауапты.

Сондай-ақ оқыңыз