Президент ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев
Тоқаев Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын. Мемлекет руханият саласын барынша дамыта береді. Дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов «Қазақстанның Еңбек Ері», Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болды. Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Биыл атаулы күні Астана күнімен тұспа-тұс келеді. Осыған орай қалада бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек Домбыра күнінен орай әлемуеттік желілерде челлендж басталып кетті. Әлеуметтік желілерінде #домбыракүні хэштегімен түрлі контенттер салынып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз