Шетел университеттерінің Қазақстандағы филиалдарына қалай түсуге болады?

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстандықтарға шетел аспай-ақ, әлемнің мықты университеттерінде оқу мүмкін болды / фото: ЖИ
Қазақстандықтарға шетел аспай-ақ, әлемнің мықты университеттерінде оқу мүмкін болды / фото: ЖИ

Шетел университеттерінің Қазақстандағы филиалдары есігін айқара ашады. Баклавриат, магистратура және доктарантураға да түсуге болады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандықтарға шетелге шықпай-ақ, әлемнің мықты университеттерінің дипломын алуға мүмкіндік ашылғанын жария етті.

Ол Қазақстанда ашылған шетелдің 24 университетінің филиалдарының тізімін, ондағы факультеттер мен үміткерлерге қойылатын талаптарды көрсетіп берді.

Қос диплом алғыңыз келсе, шетелдік оқу орындарының шарттарымен танысып шығыңыз.

Шетел университеттерінің ішінде француз, орыс, қытай және өзге де батыс ЖОО-лары бар.

Сорбонна-Қазақстан институты

Білім беру бағдарламалары: Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Маркетинг, Халықаралық құқық, Жаһандану жағдайындағы халықаралық қатынастар, Су дипломатиясы, Мемлекеттік аудит.

Бакалавриатқа қабылдау тәртібі:

Қазақстан азаматтары ҰБТ нәтижесімен қабылданады.

Магистратураға қабылдау тәртібі:

Ел азаматтары кешенді тестілеу нәтижесі бойынша, шетел азаматтары – әңгімелесу негізінде қабылданады. Десе де, қос дипломды магистратура бағдарламаларына түсу үшін француз тілін B2 деңгейінде меңгеру талабы бар.

De Montfort University Kazakhstan

Білім беру бағдарламалары:

Бакалавриат: Бизнес басқару, Бизнес және маркетинг, Бизнес-кәсіпкерлік және инновациялар, Саясат және халықаралық қатынастар, Қаржы және инвестициялар, Жарнама және маркетингтік коммуникациялар, Киберқауіпсіздік, Бизнес-аналитикаға арналған деректер аналитикасы,  Компьютерлік ғылымдар, Жасанды интеллект, Графикалық дизайн, Графикалық дизайн (иллюстрация)

Магистратура: Global MBA

Қабылдау талаптары: ҰБТ талап етілмейді.

11-сыныптан кейін түсушілер үшін:

IELTS Academic – ең төменгі өту балы 5.0 (әр секцияда кемінде 4.5), Duolingo English Test – 75, Oxford Test of English – 100, TOEFL iBT – 35. 

ТжКБ немесе 12-сыныптан кейін түсушілер үшін: IELTS – кемінде 6.0

Графикалық дизайн мамандығына түсушілер үшін шығармашылық портфолио міндетті. Басқа талаптар жоқ.

The University of Arizona

Білім беру бағдарламалары:

Бакалавриат (қос дипломды бағдарламалар): Биотехнология, Басқарудағы ақпараттық жүйелер, Білім берудегі психология, Бастауыш білім беру және инклюзивті практика, Арнайы педагогика және инклюзивті практика.

Халықаралық диплом бағдарламалары: Білім берудегі психология, Биотехнология, Өндірісті химиялық сараптау және аналитикалық бақылау, Басқарудағы ақпараттық жүйелер, Электроника және телекоммуникациялар, Өсімдіктер туралы ғылым және технологиялар, Бастауыш білім беру және инклюзивті практика, Астрономия және зерттеу әдістері, Бизнес және менеджмент, Арнайы педагогика және инклюзивті практика.

Қабылдау талаптары:

Қазақстан азаматтары үшін қос дипломды бағдарламалар: Педагогикалық бағыт – ҰБТ кемінде 75 балл, Басқа бағыттар – кемінде 50 балл, Ағылшын тілі деңгейі – B1 және жоғары.(сертификаттар: IELTS ≥ 5.0, Duolingo ≥ 60, TOEFL iBT ≥ 42 / ITP ≥ 460, Қозыбаев университетінің онлайн тесті ≥ 70).

Халықаралық диплом бағдарламалары:

Педагогикалық бағыт – ҰБТ кемінде 75 балл, Басқа бағыттар – кемінде 50 балл. 

Шетел азаматтары үшін қос дипломды бағдарламалар:

ҰБТ талап етілмейді, Ағылшын тілі – B1 және жоғары (сертификатпен расталады). Әңгімелесу.

Халықаралық диплом бағдарламалары:

ҰБТ талап етілмейді. Әңгімелесу.

Ресей Федерациясы — Мәскеу инженерлік-физика институтының Ұлттық ядролық зерттеу университеті

Шетел университеттерінің арасында ресейлік ЖОО-лар да бар.

Бакалавриат бағдарламалары:

Ядролық энергетикалық қондырғыларды пайдалану, Киберфизикалық жүйелер мен қондырғылардың электроникасы мен автоматикасы, Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері.

Магистратура:

Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері және технологиялары (ҚЖӨЕЖжТ)

Қабылдау талаптары

Бакалавриат: Бейіндік пәндер бойынша емтихан. Өту балы – әр пәннен кемінде 40/100.

Бағдарламалар мен пәндер:

Ядролық энергетикалық қондырғыларды пайдалану, киберфизикалық жүйелер:

– Орыс тілі, математика, физика

Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері:

– Математика, орыс тілі

Магистратура: Бейіндік әңгімелесу (ҚЖӨЕЖжТ). Өту балы – кемінде 80/100.

ҰБТ және шетел тілі емтиханы есепке алынбайды. GPA (үздік аттестат) – жеке жетістік ретінде ескеріледі. Қосымша талаптар жоқ

И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті

Білім беру бағдарламалары (бакалавриат): Газ және мұнай құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану, Мұнай және газ технологиялары, Кен орындарын геологиялық модельдеу.

Қабылдау талаптары:

ҰБТ: талап етілмейді. Шет тілі: талап етілмейді.

Арнайы пәндер:

Қабылдау емтихандары: математика және орыс тілі

Емтихандар жазбаша түрде өткізіледі

Әр пән бойынша өту балы – кемінде 40 (100 балдық шкала бойынша)

Мектеп аттестаты және GPA: талап етілмейді

Heriot-Watt University

Білім беру бағдарламалары (бакалавриат): Электроэнергетика, Мұнай инженериясы және энергоменеджмент, Компьютерлік инженерия.

Қабылдау талаптары: ҰБТ: кемінде 65 балл. Ағылшын тілі:

Heriot-Watt университетінің арнайы емтиханы

немесе IELTS – кемінде 5.0

Профильдік пәндер:

Электроэнергетика: математика, физика, Мұнай инженериясы және энергоменеджмент: математика, физика. Компьютерлік инженерия: математика, информатика

«Лу Бань шеберханасы» – Тяньцзинь кәсіби университеті

Тяньцзинь кәсіби университеті шетелдік университеттердің ішінде ерекше көзге түседі.

Білім беру бағдарламалары:

Бакалавриат: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды ұйымдастыру; қозғалыс және көлікті пайдалану; Жол қозғалысын ұйымдастыру; Көліктік машинажасаудағы смарт технологиялар және жасанды интеллект.

Магистратура:

Көлік, көлік техникасы және технологиялар; Көлік, көлік техникасы және технологиялар; Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану.

Докторантура:

Көлік, көлік техникасы және технологиялар; Көлік, көлік техникасы және технологиялар.

Қабылдау талаптары:

Грант негізінде: Мектеп түлектері – ҰБТ кемінде 50 балл; Колледж түлектері – кемінде 25 балл; Шет тілі талап етілмейді.

Профильдік пәндер: Математика – Физика / Физика – Еңбекті қорғау; Математика – География / Физика – Еңбекті қорғау: Математика – Информатика

Ақылы негізде: Мектеп түлектері – ҰБТ кемінде 50 балл; Колледж түлектері – әңгімелесу, Шет тілі талап етілмейді.

Шетел азаматтары: Қабылдау – әңгімелесу арқылы.

Northwestern Polytechnical University

Қос дипломды білім беру бағдарламалары

Бакалавриат: Ақпараттық технологиялар

Магистратура: Ақпараттық технологиялар; Коммуникация және коммуникациялық технологиялар; Материалтану және жаңа материалдар технологиясы.

Докторантура: Коммуникация және коммуникациялық технологиялар; Материалтану және жаңа материалдар технологиясы.

Қабылдау талаптары:

Бакалавриат (ҰБТ): Грантқа — кемінде 90 балл; Ақылы оқу — кемінде 75 балл;

Магистратура (КТ): шекті балл — 75. Докторантура (ДТЕ): шекті балл — 75

Ағылшын тілі деңгейі:

IELTS — кемінде 5.5; TOEFL iBT — кемінде 55; Duolingo — кемінде 85 немесе оқыту тілі ағылшын болған мектеп түлектері. Егер сертификат болмаса — филиал ішкі сұхбат өткізеді

GPA: талап етілмейді, бірақ стипендия үшін ескеріледі
Басқа талаптар: көрсетілмеген

Польша, Быдгощ қаласындағы Экономика университеті

Білім беру бағдарламалары (бакалавриат):

Дене шынықтыру және спорт / Спорт және рекреация менеджері

Қабылдау талаптары: Шет тілін білу міндетті емес; ҰБТ; Қазақстан тарихы – кемінде 5 балл; Оқу сауаттылығы – кемінде 3 балл; Екі шығармашылық емтихан (нормативтер тапсыру).

Д. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті

Білім беру бағдарламалары (бакалавриат): Аналитикалық химия; Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы.

Қабылдау талаптары: ҰБТ: кемінде 50 балл;

Шет тілі: тапсырылмайды

Ішкі емтихандар: Орыс тілі – кемінде 40/100; Химия – кемінде 39/100.

GPA: талап етілмейді. Басқа талаптар: жоқ

«Суару және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері Ташкент институты» (Ұлттық зерттеу университеті)

Қазақстанда филиалы ашылған шетел университеттерінің тізімінде бір өзбек ЖОО-сы бар.

Білім беру бағдарламалары: Бакалавриат: Су шаруашылығы және мелиорация. Магистратура: Су ресурстарын кешенді пайдалану және басқару. Докторантура: Мелиорация және суармалы егіншілік

Қабылдау талаптары: ҰБТ: кемінде 50 балл; Шет тілі: талап етілмейді. GPA: талап етілмейді. Басқа талаптар: жоқ

Université de Lorraine

Білім беру бағдарламалары (бакалавриат): Халықаралық құқық; Халықаралық қатынастар және адам құқықтары; Француз тілі мұғалімдерін даярлау; Менеджмент; Экономика; Қаржы; Маркетинг; Қонақ үйлер мен мейрамханалардың бизнес индустриясы.

Қабылдау талаптары: Бакалавриат: Қазақстан азаматтары ҰБТ нәтижесімен; Шетел азаматтары – әңгімелесу арқылы.

Магистратура: кешенді тестілеу нәтижесі бойынша.

Ескерту: Қос дипломды магистратура бағдарламалары үшін француз тілін B2 деңгейінен төмен емес меңгеру міндетті

Seoul National University of Science and Technology – SeoulTech

Білім беру бағдарламалары:

Бірлескен білім беру бағдарламалары (бакалавриат): Компьютерлік ғылымдар; Ақпараттық жүйелер; Компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу; Киберқауіпсіздік.

Қос дипломды бағдарламалар:

Дата менеджмент; ЖИ архитекторы

Қабылдау талаптары:

ҰБТ нәтижесі негізінде. Ағылшын тілі деңгейі – кемінде B1, келесі сертификаттардың бірімен расталуы тиіс: TOEFL iBT – ≥ 45; TOEFL ITP – ≥ 550; IELTS – ≥ 5.0; Duolingo – ≥ 80. Қорқыт ата атындағы ҚУ тесті (CEFR шкаласы бойынша B1 және жоғары)

City University of Hong Kong

Білім беру бағдарламалары:

Бакалавриат:

Инженерлік физика және материалтану (6B07109) – ҰБТ кемінде 65 балл

Құрылыс инженериясы (6B07302) – ҰБТ кемінде 75 балл

Компьютерлік ғылымдар (6B06102) – ҰБТ кемінде 85 балл

Ағылшын тілі: IELTS – кемінде 6.5 немесе TOEFL iBT – 79

Шетел азаматтары – сұхбат арқылы, ақылы негізде

Магистратура: Материалтану және инженерия; Құрылыс және құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндіру; Машиналық оқыту және деректер ғылымы;

кешенді тестілеу нәтижесі. Ағылшын тілі: IELTS – кемінде 6.5

GPA – мамандық бойынша кемінде (нақты шегі көрсетілмеген)

Берлин техникалық университеті

Шетел университеттерінің арасында неміс оқу ордасы да кездеседі.

Білім беру бағдарламалары:

Бакалавриат: Логистика; Энергетика және экологиялық инжиниринг; Мехатроника; Өндірістік менеджмент; Компьютерлік ғылымдар.

Магистратура:

Өндірістік инженерия

Қабылдау талаптары:

ҰБТ – кемінде 60 балл. Ағылшын тілі – кемінде A2 деңгейі. Басқа талаптар – жоқ

Beijing Language and Culture University (BLCU)

Білім беру бағдарламалары (бакалавриат):

Ағылшын және қытай тілдері (педагогика):

HSK 3 немесе HSK 4 сертификаты

Немесе қытай тілі бойынша қабылдау емтиханы.

ҰБТ: ағылшын тілі және дүниежүзі тарихы – кемінде 75 балл

Аударма ісі (қытай тілі):

HSK 3 немесе HSK 4 сертификаты

Немесе қытай тілі бойынша қабылдау емтиханы

ҰБТ: ағылшын тілі және дүниежүзі тарихы – кемінде 55 балл

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті

Білім беру бағдарламалары:

Бакалавриат: Математика; Қолданбалы математика және информатика; Экология және табиғатты пайдалану; Экономика; Филология;

Магистратура: Есептеу технологиялары және жасанды интеллект әдістері; Математика және деректерді талдау әдістері; Қалалар мен өңірлердің төмен көміртекті дамуын басқару; Қаржылық талдау; Қазіргі экономикадағы статистика және деректерді басқару; Ұлттық экономика және экономикалық саясат; Шет тілді аудиториядағы орыс тілі; Медиалингвистика; Мәдениетаралық коммуникация және аударма;

Қабылдау талаптары:

Бакалавриат: ҰБТ талап етілмейді.

Қабылдау бейіндік пән бойынша жазбаша емтихан және орыс тілінен міндетті емтихан негізінде. Алдыңғы білім бағыты бойынша шектеу жоқ.

Магистратура: Бейіндік пән бойынша жазбаша емтихан

Queen’s University Belfast

Queen’s University Belfast шетелдің университеттердің ішінде іскерлік бағытқа баса назар аударады.

Білім беру бағдарламалары (бакалавриат):

  • BBA in Management(В044 – Менеджмент және басқару)
    • ҰБТ: кемінде 75 балл
  • BBA in Business Economics (В046 – Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі)
  • BBA in Finance
    • ҰБТ: кемінде 100 балл, оның ішінде математикадан кемінде 17 балл
    • Ағылшын тілі: IELTS – кемінде 5.5
    • Арнайы пәндер мен GPA талап етілмейді

Шетелдік ЖОО-ға түсетіндер үшін:

  • GPA: кемінде 3.0 / 4.0
  • Барлық модульдерден өту (1–2 курс)
  • IELTS – 6.5 (әр секциядан кемінде 5.5) немесе баламалы сертификат

Coventry University Kazakhstan

Білім беру бағдарламалары (бакалавриат):

  • Бизнес әкімшілендіру
  • Халықаралық бизнес менеджмент
  • Жарнама және сандық маркетинг
  • Халықаралық қатынастар
  • Бизнес және маркетинг
  • Компьютерлік ғылымдар
  • Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект
  • Банктік іс және қаржы
  • Бизнес және қаржы
  • Қаржылық экономика

Гранттық негіздегі қабылдау:

  • ҰБТ: кемінде 50 балл
  • GPA: орта мектеп аттестаты бойынша кемінде 4.0
  • Ағылшын тілі: IELTS – кемінде 6.0
  • Қосымша талап: эссе
  • Профильдік пәндер:
    • Бизнес мектебі – математика, география
    • Компьютерлік ғылымдар – математика, информатика

Ақылы негіздегі қабылдау:

  • ҰБТ: талап етілмейді
  • GPA: талап етілмейді
  • Ағылшын тілі: IELTS – кемінде 5.0
  • Қосымша талаптар: жоқ

Cardiff University Kazakhstan

Шетел университеттерінің арасында Cardiff University Kazakhstan-ның да аты аталады.

Білім беру бағдарламалары (бакалавриат):

  • Бизнес басқару
  • Азаматтық құрылыс
  • Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау және геология
  • Компьютерлік ғылымдар

(Қабылдау талаптары көрсетілмеген)

Università Politecnica delle Marche

Білім беру бағдарламасы (қос диплом):

  • Агрономия (Жетісу университеті) – Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары (UNIVPM)

Қазақстан азаматтары үшін:

  • ҰБТ: кемінде 50 балл
  • Ағылшын тілі: B1 деңгейі және жоғары (IELTS – кемінде 5.5)

Шетел азаматтары үшін:

  • Сұхбат
  • Ағылшын тілі: B1 (IELTS – кемінде 5.5)

МГИМО Астана

Білім беру бағдарламалары:

  • Бакалавриат: Бизнес және басқару
  • Магистратура: Бизнес және басқару; Инженерия және инженерлік іс

Қазақстан азаматтары үшін:

  • Бакалавриат:
    • ҰБТ: кемінде 65 балл
    • Ағылшын тілі: IELTS – кемінде 5.5
  • Магистратура:
    • Кешенді тестілеу:
      • Шет тілі
      • Бейіндік пән
      • Оқуға дайындығын анықтау тесті

Шетел азаматтары үшін:

  • Бакалавриат: сұхбат нәтижесі бойынша
  • Магистратура: сұхбат және шет тілі бойынша тест нәтижесі

Woosong University

Білім беру бағдарламалары (бакалавриат):

  • Ақпараттық технологиялар
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Киберқауіпсіздік

(Қабылдау талаптары көрсетілмеген)

Dong-Eui University

Білім беру бағдарламасы (бакалавриат):

  • Автомобиль өндірісі инжинирингі

Қазақстан азаматтары үшін:

  1. ҰБТ – кемінде 50 балл
  2. King Sejong Institute сертификаты – TOPIK 3–4 деңгейі (B2)
  3. Сұхбат

Шетел азаматтары үшін:

  1. ҰБТ талап етілмейді
  2. TOPIK 3–4 деңгейі (B2)
  3. Сұхбат

Елімізде шетел университеттерінің филиалдары көп ашылып жатыр. Қазақстан білім хабына айналуды көздеп отыр. Бұл университеттерге өзге елдердің үміткерлерін де қызықтыратыны сөзсіз. Қазақстанға 2029 жылға дейін 150 мың шетелдік студент келетінін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз