
Ресейдің Санкт- Петербор қаласында 23 жастағы жігіт Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған баннерге «Сені сүйемін» деп жазған.
Rbc ақпаратына қарағанда, сол ісі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полицейлер сол жазба арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, оны ізін суытпай ұстады. Жігіт Волгоград облысынан келіпті. Оқиға кезінде ол аздап мас болғаны анықталды. Баннердегі «сүйемін» деген жазуды ол 21 жастағы сүйіктісіне арнапты.
Жас жігітпен бірге қыз да полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Алайда қай бап бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны нақты көрсетілмеген.
Қазір Петербордағы оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Мұның алдында Ресейде Украина үшін соғыспақ болған 19 жастағы қазақстандық 12 жылға сотталған еді.