«Хайп қуып жүр ме» – Тұрсынбек Қабатов Мөлдір Мұқанованы ернінен сүйіп, гүл берді

Жарияланды 4 Шілде 2025 01:14

(жаңартылды 4 Шілде 2025 10:13)
Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Тұрсынбек Қабатов әйеліінің ернінен сүйді / фото: KursivMedia мұрағаты
Тұрсынбек Қабатов әйеліінің ернінен сүйді / фото: KursivMedia мұрағаты

Тұрсынбек Қабатов өз әйелі Мөлдір Мұқанованы туған күнінде ернінен сүйіп, бір шоқ гүл сыйлаған. Видеосы әлеуметтік желіге тарады.

Алайда бұл бейнежазбаның қашан түсірілгені беймәлім. Бірақ көпшілік жақында түскеніне сенімді. Сондықтан бұл жайт көпшілікті қайран қалдырды. Қабатовтар отбасы «хайп қуып жүр» деген сынның астында қалды.

«Туған күнім осылай басталды» деген жазуға қарағанда видео Мөлдір Мұқанованың атынан жарияланған секілді. Ерлі-зайыптар бірін-бірі ұзақ құшақтап тұрады. Араларын қара мысық кесіп еткен жұбайларға мүлде ұқсамайды. Тұрсынбек Қабатов қызыл шоқ гүлді әйеліне сыйлайды.

Мөлдір Мұқанова болса, кері шегінген күйеуін қайыра қайтарып, тағы да құшақтайды. Сыйлығына рақмет айтады.

Кадр сыртында бір қыздың дауысы естіліп, Тұрсынбек Қабатовты меңзеп «Аға, нағыз джентлмен екен!» деп мадақ айтты.

Бірақ бұл видеоны көпшілік сынмен қарсы алды. Бірі «Өтірікпен өрнектелген өмір. Кімге сенеміз?» десе, екіншісі «Өтірік халықты алдап, шынға айналып кетпесін!» деп ескерту жасаған.

Мұның алдында Тұрсынбек Қабатов өзге әйелмен қарым-қатынаста болған деген қауесет тараған еді. Мұның анық-қанығын сұраған кезде, Мөлдір Мұқанова жоққа шығармаған. Керісінше жұмбақтап отқа май құя түскен. Сондықтан ерлі-зайыптылардың сүйісіп, бір-біріне құрмет көрсетуін жұрт сан-саққа жүгіртіп, хайп үшін айыптап жатыр.

Тұрсынбек Қабатов  мұның алдында 45 жылдық мерейтойына орай Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан елдерін қамтитын ауқымды гастрольдік тур жария еткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз