Ferrari бюджетті суперкар шығарды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Феррари
Фото: Ferrari

Италиялық автоалпауыт бюджетті көлік шығарды. Жаңа модель Ferrari Amalfi деп аталады.

Жаңа көлік 240 мың еуроға бағаланған. Ferrari бұл модельді «бастапқы нұсқа» деп атайды. Сарапшылардың пікірінше, бағасы қомақты болғанымен, Ferrari-дің модельдер желісінде мұндай арзан нұсқа бұрын болмаған.

Автокөлік сағатына 100 шақырым жылдамдыққа 3,3 секундта жетеді, ал ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 320 шақырым жылдамдықты құрайды. Ішкі жабдықталуында қуаты 1200 ватт Burmester премиум аудиожүйесі орнатылған.

Бұған дейін Chevrolet компаниясы жаңа моделін таныстырғанын жазған едік. Tracker 2026 моделінің жаңартылған нұсқасын ресми түрде келесі жылы жазда таныстырылуы керек.

Сондай-ақ оқыңыз