Ұлытау облысында респиратор шығаратын зауыт салынады

Ұлытау өңірінде респиратор шығаратын зауыт ашылды. Бұл жайлы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Жоба құны – 800 миллион теңге. Кәсіпорында жылына 5 миллион жеке қорғаныс құралы шығарылады, сондай-ақ 40-қа жуық азамат жұмыспен қамтылмақ. Жобаны жүзеге асырушы – «Ulytau Industrial Company» ЖШС.
Жалпы 2025 жылы өңірде жалпы құны 138 млрд теңгеге 17 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
«Қазір Ұлытау облысының өндіріс, кәсіпорындарын қамтамасыз етеміз. Күзге қарай қуаттылығымызды арттырып, Қазақстан нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. Ол уақытта өнімдеріміздің саны артып, қызметкерлер саны да көбеймек»-дейді инвестор Қалмұрат Мәдишев.
Экономиканы әртараптандыру мақсатында 2024 жылы Ұлытау облысында жалпы сомасы 34 млрд теңгеге 9 инвестициялық жоба іске қосылды. Бұл жобалар 200-ден астам жаңа жұмыс орнын құрды.