Alatau City Bank лицензиясын қайта рәсімдеді

Жарияланды 4 Шілде 2025 13:03

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Alatau City Bank бұрын Jusan Bank деп аталған / фото: банктің баспасөз қызметі
Alatau City Bank бұрын Jusan Bank деп аталған / фото: банктің баспасөз қызметі

Жақында ғана атауын өзгертен Alatau City Bank (бұрынғы Jusan Bank) бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсетуге лицензия алды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) хабарлады.

Агенттік мәліметінше, қаржы мекемесінің атауы өзгеруіне байланысты лицензияны да қайта рәсімдеген. Енді бұл банк бағалы қағаздар нарығында қызмет жүргізе алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы Jusan Bank атауы 2025 жылғы 16 маусымда Alatau City Bank деп өзгерген. Қаржы мекемесінің ребрендинг жүзеге асыратыны алғаш рет биыл мамырдың аяғында мәлім болған.

Сол кезде Kaspi.kz компаниясының тең иесі Вячеслав Ким, Jusan Bank-ті сатып алуға ҚНРДА-дан рұқсат алғаннан кейін, Алатау қаласына жеке қаражатынан 1 миллиард доллар инвестиция салатынын мәлімдеген.

Әзірге бұрынғы Jusan Bank-тің негізгі иесі – кәсіпкер Ғалымжан Есенов. Оның бақылауындағы First Heartland Securities компаниясы банктің 79,89% акциясына ие. Ал қалған бөлігі тікелей өзіне тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз