Тимур Турловтың Freedom Holding акциялары америкалық қаржы қорына қосылды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Freedom Holding акциялары FXO қорына қосылды / фото: freedomholdingcorp.com
Freedom Holding акциялары FXO қорына қосылды / фото: freedomholdingcorp.com

First Trust Financial AlphaDEX (FXO) америкалық қаржы қоры Тимур Турловқа тиесілі Freedom Holding Corp (FRHC) холдингінің қарапайым акцияларын өз индексіне қосты. Корпорацияның FXO-тегі 185 мың акциясының үлес салмағы 1,22% болды.

FXO Чикагодағы Arca қор биржасында саудаланады. Бұл биржа Нью-Йорктегі NYSE-ге тиесілі. Оның провайдері – америкалық First Trust.

Tradernet мәліметінше, ETF FXO-ның бір қағазы қазір 57,19 доллар тұрады. Биржадағы сауда барысында құнды қағаз бағасы 0,87%-ға көтерілді.

Ал FRHC акцияларының құны 3 шілдедегі сауда барысында 2,72%-ға, яғни 3,8 долларға қымбаттап, 143,33 долларға дейін жетті. Жыл басынан бері корпорация акцияларының құны 9,4%-ға өсті.

2025 жылғы мамырда FRHC америкалық ірі компаниялардың дамуын бақылайтын Russell 3000 индексіне кірген.

2025 салық жылында (2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурыздың аяғына дейін) Freedom Holding Corp. түсімі 2,1 млрд доллар болды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 23%-ға артық көрсеткіш. Холдингтің таза табысы 84,5 млн доллар болды. Активтерінің құны 8,3 млрд доллардан 9,9 млрд долларға дейін өсті.

Сондай-ақ оқыңыз