Тоқаев кассациялық сот төрағаларын тағайындады

Кассациялық сот төрағалары тағайындалды/фото: Жоғарғы сот
Астанада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот жұмысын бастады. Тоқаев сот төрағаларын тағайындады.
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы – Асқар Смайылов. Одан бөлек 37 судья жұмыс істейді.
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы – Ақан Жұмағұлов және 20 судья бар.
Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы Берік Нәжімиденов және 18 судья жұмыс істейді.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап қылмыстық және азаматтық істерді алдын ала қарау жойылды.
Кассациялық соттар «жаппай кассация» принципі бойынша жұмыс істей бастады. «Жаппай» кассация, ең алдымен, істі іс жүргізуге қабылдау сатысымен ерекшеленеді.
Енді барлық келіп түскен шағым іс жүргізуге қабылданып, мәні бойынша кемінде үш судьядан тұратын алқа қарайды. Істерді кассациялық тәртіпте қарау мерзімі алты айдан аспайды.
Астана қаласындағы кассациялық соттардың мекенжайы:
Азаматтық және қылмыстық істер бойынша – Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 37;
Әкімшілік істер бойынша – Астана қаласы, Төле би көшесі, 53.