Bereke Bank-тің иесі 21,3 млрд теңгеге ұшақ сатып алды

Қазақстандағы Bereke Bank-ті 65 млрд теңгеге сатып алған Катардың Lesha Bank қаржы ұйымы Airbus A320neo ұшағын иеленгенін хабарлады. Ұшақтың құны – 150 млн катар риалы, бұл шамамен 21,3 млрд теңге.
Lesha Bank ұшақты Германиядағы EMP Aviation Trading GmbH компаниясынан сатып алған. Аталған компания ұшақтар мен авиация саласына арналған қосалқы бөлшектерге инвестиция салып, оларды басқарумен айналысады.
Lesha Bank бұл келісімді «банк авиация саласында әртараптандырылған платформа құруға ұмтылатын стратегияның бір бөлігі» ретінде сипаттады.
Бұған дейін Lesha Bank бас директоры Мохаммед Исмаил Әл-Эмади банк сайтына берген сұхбатында 2024 жылы бес Boeing 777-300ER ұшағын сатып алып, кейін оларды жалға бергенін айтқан еді.
Сол жылы Lesha Bank АҚШ пен Катарда элиталық жылжымайтын мүлік, Ұлыбританиядағы білім беру платформасы және төлем технологияларын біріктірумен айналысатын фирмаға инвестиция салған болатын.
2025 жылдың сәуірінде банк өз сайтында Дохадағы Вест-Бэй ауданынан тұрғын үй кешенін сатып алғанын мәлімдеді. Келісім сомасы – 280 млн катар риалы немесе шамамен 39,3 млрд теңге. Бұл сома Bereke Bank-ті сатып алу құнының 60,5%-ын құрайды.
Айта кетйік, қатарлық инвесторға сатылған Bereke bank жалпы табысын 29 есе артырды. Банктің қаржы есептілігіне сәйкес, банктің табысы 454 млн теңгеден 13,2 млрд теңгеге бірақ жеткен.