Жаңа iPhone 17 Pro Max қуаты 35 сағатқа дейін жетеді

Жарияланды 4 Шілде 2025 14:52

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
iPhone 17 Pro Max батареясының сыйымдылығы шамамен 5000 мА сағат болады / Фото: MacRumors 

iPhone 17 Pro Max флагмандық моделі Apple смартфондарының ішінде ең сыйымдылығы жоғары аккумулятормен жабдықталады. Бұл туралы MacRumors басылымы беделді инсайдер Instant Digital-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Инсайдерлік ақпаратқа сүейнсек,  iPhone 17 Pro Max батареясының сыйымдылығы шамамен 5000 мА сағат болады — бұл Apple үшін рекордтық көрсеткіш. Қазіргі iPhone 16 Pro Max үлгісіндегі аккумулятормен салыстырғанда 324 мА сағатқа артық.

Жаңа үлгідегі аккумулятордың 5000 мА сағатқа дейін ұлғаюы 35 сағатқа дейінгі автономды жұмысқа мүмкіндік беруі мүмкін. Бұл дегеніміз  iPhone 16 Pro Max көрсеткішінен 2 сағатқа артық. Сондай-ақ, автономдылықтың артуына энергоүнемді Apple A19 Pro чипі мен жаңа Qualcomm Snapdragon X80 модемі әсер етуі тиіс. Көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, Apple бұл жолы жаңа құрылғыға iPhone 16e үлгісінде қолданылған өз модемін орнатпайды.

iPhone 17 сериясының таныстырылымы 2025 жылдың қыркүйегінде күтілуде. Plus-модельдің орнына iPhone 17 Air атты ультра жұқа нұсқа ұсынылады. Ол мүлде жаңа дизайнмен, бір ғана артқы камерамен және 5,5 мм қалыңдықтағы корпуспен шығарылады. Ал Pro және Pro Max модельдері артқы панель дизайнын жаңартып келеді.

Айта кетейік, Apple компаниясы iPhone модельдер желісіне жаңа бетбұрыс жасамақшы. Соның ең алғашқы легі – компания тарихындағы ең жұқа смартфон саналатын iPhone 17 Air үлгісінің тұсаукесері болмақ. iPhone 17 Air – Apple тарихындағы ең жұқа смартфон ғана емес, жалпы нарықтағы ең жұқа құрылғы атануы мүмкін. Смартфон қалыңдығы 5,8 мм болатын Samsung Galaxy S25 Edge моделінен де жұқа.

Сондай-ақ оқыңыз