SCAT Шымкенттен Үрімшіге ұша бастады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Шымкент – Үрімші бағытындағы алғашқы тікелей рейсі ашылды / Фото: kursiv.media  архиві

Бүгін, 4 шілде күні, сағат 23:30-да SCAT әуе компаниясының Шымкент – Үрімші бағытындағы алғашқы тікелей рейсі ұшады. Бастапқыда бұл бағыттағы рейстерді 30 мамырдан бастау жоспарланған болатын.

Ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері қатынайды. Ал Үрімші қаласынан Шымкентке рейстер сәрсенбі мен сенбі күндері жүзеге асырылады.

Ұшу уақыты – 2 сағат 20 минут. Билеттердің бағасы стандартты тариф бойынша 55,4 мың теңгеден басталады. Бұл тарифпен жолаушы 5 келіге дейінгі қол жүгін және 23 келіге дейінгі негізгі багажды ала алады.

Айта кетейік, Үрімші – Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының астанасы.

Сондай-ақ, бүгін, 4 шілдеде, China Eastern Airlines әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағытындағы алғашқы рейсін орындады. China Eastern Airlines әуе компаниясы іске қосатын бұл бағыт Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік, мәдени және іскерлік байланыстарды нығайтудың маңызды қадамы болмақ

Сондай-ақ, мамыр айының соңынан бастап SCAT әуе компаниясы Шымкенттен Сиань мен Шанхай қалаларына да рейстерді бастады.

Сондай-ақ оқыңыз