
Қазақстан нарығына чехиялық автокөлік өндірушісі Škoda-ның жаңартылған бестселлері — Octavia FL лифтбекі ұсынылды.
Қазақстан нарығында бұл модель 150 ат күшіне ие 1,4 литрлік қозғалтқышпен үш түрлі жабдықталымда ұсынылып отыр: Essence, Selection және SportLine. Бастапқы кезеңде қозғалтқыш таңдауы да шектеулі болады. Қазір «Октавия» тек алдыңғы жетекті түрінде, 150 ат күшіне және 250 Нм айналу моментіне ие 1.4 литрлік турбомотормен, 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен бірге сатылады. Мұндай агрегат дорестайлингтік Octavia-да да қолданылады.

Бағасы қанша тұрады?
Аталған үлгінің бағасы қазіргі таңда 13 млн теңгеден басталады. Ал жаңартылған Octavia FL нұсқасы біршама қымбат — бастапқы бағасы 17,9 млн теңге.
2025 жылдың соңына дейін компания толық жетекті, 204 ат күшіне ие 2 литрлік қозғалтқышпен жабдықталған нұсқаны ұсынуға уәде беріп отыр. Алайда бұл модификацияның бағасы әзірге жарияланған жоқ.

Қазақстан нарығындағы ең қолжетімді Essence жабдықталымында фронталды, бүйірлік және орталық AirBack, қауіпсіздік перделері, көмекші жүйелердің базалық жиынтығы, артқы көрініс камерасы қарастарылған. Сондай-ақ, алдыңғы және артқы парктрониктер, жаңбыр, жарық датчиктері, круиз-бақылау, екі аймақты климат-бақылау, цифрлы аспаптар панелі бар. 13 дюймдік экранмен және сегіз динамикпен жабдықталған мультимедиа жүйесі, сымсыз қуаттау құрылғысы, жүргізуші мен жолаушы орындығының электр реттеуі, алдыңғы орындықтар мен рульдің, айналардың және алдыңғы әйнектің жылытуы сияқты опциялар бар. Интерьер мата материалымен әрленген.
Selection жабдықталымында матрицалық шамдар, былғарымен қапталған орындықтар, үш аймақты климат-бақылауы бар. Алдыңғы орындықтарда желдеткіш және массаж, артқы орындықтарда жылыту функицясы бар. Жүксалғыш электрлі қақпағымен, кілтсіз кіру жүйесімен және дабылқаққышпен толықтырылған. Бұл нұсқаның бағасы — 18,5 млн теңге.

SportLine модификациясы да 18,5 млн теңге тұрады. Бірақ ол әртүрлі декор, күңгірттелген артқы терезе және бірнеше жүріс режимінің бірін таңдау мүмкіндігімен ерекшеленеді. Дегенмен, бұл нұсқада толық Kessy Full кілтсіз қолжетімділік жүйесі, жүксалғыш қақпағының электржетегі және матрицалық шамдар жоқ. Сондай-ақ спорттық орындықтарда массаж бен желдету, сондай-ақ кеңейтілген реттеу мүмкіндіктері қарастырылмаған. Octavia SportLine ерекше Mamba деп аталатын жарқын жасыл түсті бояуымен мақтана алады.
Қазақстанда қанша Octavia сатылды
Octavia лифтбекі Қазақстан нарығына қайта оралған сәттен бері бар болғаны 141 сатып алушы тапқан: 2024 жылы — 22 дана, ал 2025 жылдың алғашқы бес айында — 119 дана сатылған. Бұл — Škoda модельдік қатарында танымалдығы жағынан екінші орынға ие көлік, алайда көшбасшы болып тұрған Kodiaq моделінен әлдеқайда артта қалуда. Мәселен, 2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейін жалпы саны 659 көлік сатылған.
Еске салайық, биыл сәуір айында Škoda Қазақстанда саудаланатын Kodiaq-тың екінші буынын ресми түрде таныстырған еді. 2023 жылдың қазанында жарық көрген модель енді Қостанайдағы зауыттта құрастырылып, елдегі автосалондарда екі комплектацияда сатылады.