Жаңалықтар

Сәуірде ҰБТ-ға қатыса алмаған түлектерге қосымша қабылдау ашылды

ҰБТ 8–10 шілде аралығында өтеді / Коллаж: kursiv.media  архиві

Ұлттық тестілеу орталығы 4-6 шілде аралығында ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдаудың басталғанын хабарлады.

Орталықтың мәліметінше, 10–25 сәуір аралығында төмендегі белгілі себептермен өтініш бере алмаған талапкерлер ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш тастай алады:

  • денсаулық жағдайына байланысты емдеуде немесе карантинде болу;
     
  • жақын туысының қайтыс болуы (растайтын құжаттар болған жағдайда);
  •  республикалық және халықаралық олимпиадаларға, байқауларға және спорттық жарыстарға қатысу;
  •  төтенше жағдайлар туындаған кезде.

Аталған себептер бойынша емделу жағдайында – 026/у үлгісіндегі медициналық анықтама, ал туысының қайтыс болуы кезінде – тиісті растайтын құжаттар ұсынылуы қажет.

ҰБТ-ға қатысу үшін өтінішті электронды түрде uto@testcenter.kz электрондық поштасына жолдау қажет. Өтінішпен бірге растайтын құжаттар қоса тіркелуге тиіс.

Тестілеудің өзі 8–10 шілде аралығында өтеді.

Еске салайық, Ұлттық тестілеу орталығы биыл грант конкурсына құжаттар қабылдауды 13-20 шілде аралығында жүзеге асырады. Орталық құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болатынын атап өтті.