Утильалымның 3,3 млрд теңгесіне қоқыс таситын көліктер сатып алынды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Утильалымның қаражатына 50 техника сатып алынды / Фото: «Жасыл даму» АҚ

Утилизациялық алымдардан түскен қаражат Алматыдағы қоқыс таситын көлік паркiн жаңартуға жұмсалды.

 «Жасыл даму» АҚ хабарлауынша, қалалық қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығарумен айналысатын «Ақ Тәртіп» ЖШС-не 50 бірлік арнайы техника табысталды. Бұл техника утилизациялық төлемдер есебінен қаржыландырылатын жеңілдетілген мемлекеттік бағдарлама аясында 3,3 млрд теңгеге сатып алынған.

Бұл машиналар «Еуро-5» экологиялық стандартына сай дизельді қозғалтқыштармен, көлемі 12 текше метр болатын артқы жүктеме жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, түрік өндірісінің гидравликасымен және 6,3 метрге дейін жететін кран-манипулятормен жабдықталған, оның ішінде көмілген контейнерлерге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

«Бұл жоба кәдеге жарату алымының ел экономикасына қайта оралуының және бизнеске экологиялық маңызды бастамаларды енгізуге көмектесуінің жарқын мысалы болып табылады. Бұл жай ғана техника емес, бұл Алматыдағы және басқа өңірлердегі экологиялық жағдайды жүйелі түрде жақсартуға жасалған қадам. Біз бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, бүкіл ел бойынша осындай жобалардың географиясы мен ауқымын кеңейтетін боламыз», – дейді Экология министрі Ерлан Нысанбаев атап өтті.

«Ақ Тәртіп» ЖШС — Алматы қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша ең ірі компания. Компания күн сайын 1 миллионнан астам тұрғынға, 14 мың заңды тұлғаға, шамамен 1 400 контейнерлік алаңға қызмет көрсетеді. Қоқыс шығару жұмыстарына 230-дан астам арнайы техника мен 400-ге жуық желілік қызметкер жұмылдырылған.

Осыған дейін, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев утильалымның 53 млрд теңгесі 11 өңірде 43 қоқыс полигонын салуға жұмсалатынын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз