Жаңалықтар

Ресейде Қазақстан азаматы ұсталды

Ресейде қазақстандыққа жалған ақшамен алаяқтық жасады деп айып тағылған / фото: KursivMedia мұрағаты
Ресейде қазақстандыққа жалған ақшамен алаяқтық жасады деп айып тағылған / фото: KursivMedia мұрағаты

Ресейде бірлескен өңіраралық операция барысында полицейлер «жалған ақша таратты» деген күдікпен 23 жастағы Қазақстан азаматын ұстады.

РВ ақпаратына қарағанда, қазақстандық мессенджер арқылы 300 жалған бес мың рубльдік купюраны сатып алып, қайта өткізе бастаған. Ол 28 купюраны өткізіп үлгеріпті.

 2 — Волгоград облысында, 11 — Астрахань облысында және 15 — Мәскеуде.

«Ол бұрыннан әзірленген схема бойынша әрекет еткен. Бір затты сатып алған кезде жалған ақшамен төлеген, қайтарымына шынайы ақша алған» , – дейді Ресейдің ІІМ-і.

Күдікті Мәскеуде Волгоград полицейлерінің іссапары кезінде ұсталыпты. Жеке тінту барысында оның жанынан 1,36 миллион рубль болатын 272 жалған банкнот тәркіленді.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта полиция жалған ақшаның қайдан келгенін анықтап жатыр.

Мұның алдында дропперлер туралы толық мәлімет жарияланған еді.