
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде және шетелдегі елшіліктерінде ауыс-түйіс болып жатыр. Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаларды ауыстырды.
Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы болып тағайындалды. Бұрын атқарған лауазымынан босатылды.
Оның орнында бұрын Марғұлан Бақытұлы Баймұхан қызмет атқарған. Оның бұл лауазымдардан босату туралы жарлық шықты. Алайда, ол Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан да босатылғаны көрсетілген.
Ержан Иракұлы Елекеев Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар, Тоқаевтың өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылғанмен, артынша Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылып отыр.