Техастағы су тасқынынан 24 адам қаза болып, жүздеген адам жоғалып кетті

Техастағы жойқын су тасқынынан 24 адам қаза тауып, 500-ден астам адам із-түзсіз жоғалған. Олардың ішінде жазғы лагерьден 23 бала бар.
Құтқарушылар 237 адамды эвакуациялады. Табиғи апат инфрақұрылымға айтарлықтай залал келтіріп, құтқару жұмыстарын қиындатты.
Техас губернаторы Грег Эбботт бұл жағдайды апат деп атап, төтенше жағдай туралы құжатқа қол қойды. Бұл құтқарушыларға қажетті барлық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік берді. Іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
The Washington Post басылымының мәліметінше, 70-тен астам суға кетіп, оларды құтқарылған. Кейбір зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Ең күрделі жағдай Керр округінде болып отыр. Бұл жерде Гваделупа өзенінің деңгейі 45 минут ішінде 7,92 метрге көтерілді.
Жаңбыр мөлшері болжамнан әлдеқайда асып түсіп, табиғи апатқа айналды. Аймаққа бірнеше сағатта бүкіл жаз бойы жауатын жаңбырдан да көп жауын-шашын түскен.
Айта кететін жайт, Қазақстанда іске қосылған Tasqyn жүйесі көктемгі су тасқыны қаупі кезінде небәрі 2 ғана су тасқынын болжай алған.