Тоқаев Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға жеделхат жолдады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев / фото; Ақорда
Тоқаев / фото; Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунға жедел хат жолдап, оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бүгін – Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы.

Президент Алжир мемлекетінің гүлдене беруіне, өсіп-өркендеуіне тілектес екенін жеткізген.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Алжир арасындағы серіктестік достық пен өзара түсіністікке негізделген. Екі ел арасындағы ынтымақтастық халықтардың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірілді.

Мұның алдында Тоқаев АҚШ-тың тәуелсіздік күнімен құттықтап, Трампқа жеделхат жіберген еді.

Сондай-ақ оқыңыз