
Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас әлемдік бокстағы ең ықпалды адамдарға шағым жасады. Ол Карлос Адамес үстінен арызданған.
Ол қарсыластарының Жәнібектен қорқып, жұдырықтасудан бас тартатын айтты. WBC чемпионы Карлос Адамес WBO және IBF титулдарын біріктіргісі келмейтінін түсінбей отыр.
Эгис Сауд Арабиясының бокс пен басқа да ойын-сауықтарға қаржы бөлетін қазынашысы Турки әл-Аш-Шейхті, Top Rank промоутерлік компаниясын және «бокстың қалған әлемін» белгілеп өтті.
«Жәнібектен көп боксшы қолғап түйістіруден бас тартады. Мен бұл спортта неге қорқақтар көп екенін түсінбеймін… Неге бокста жекпе-жектен қорқады? Карлос, бауырым, жүр, бәрі көргісі келетін біріктіруші жекпе-жекке келіс! Немесе қорқатыныңды мойында!» – деп жазба Эгис Климас .
Бұған дейін Жәнібек Адамеспен жекпе-жекке келісімшартқа қол қойғанын және доминикандық боксшыны күтіп жүргенін айтқан.
Айта кететін жайт, Климас сонымен қатар абсолютті әлем чемпионы атанған Александр Усикпен де жұмыс істейді. Туркидің боксқа келуі Усикке көмек болды.
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін кіммен өткізетінін айтқан еді.