Хаменеи Израиль шабуылынан кейін алғаш рет халық алдына шықты

Иран көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи Израильмен соғыс басталғалы алғаш рет жұрт алдына шықты. Бұл туралы IRNA агенттігі хабарлады.
Агенттік хабарлауынiа, Хаменеи Тегеранда өткен аза тұту рәсіміне қатысқан.
«Имам Хусейннің шейіт болғанын еске алуға арналған аза тұту рәсіміне Жоғарғы көшбасшы аятолла Хаменеи өзі келіп қатысты», – делінген агенттік хабарламасында.
Еске сала кетсек, 13 маусым күні Израиль Иранға әуеден шабуыл жасап, бірқатар ядролық нысандардың жойылғанын хабарлады. Сонымен бірге Тегерандағы Ислам революциясы сақшыларының бас кеңсесіне соққы жасалды.
Бұдан кейін Хаменеи Тегеренның Изариль мен АҚШ-тан міндетті түрде кек алатынын мәлімдеп, қарымта соққы жасады. 17 маусымда Израиль Иран телеарнасына шабуыл жасап, бірқатар қызметкерлер қайтыс болды.