Қарағанды облысында жол апаты болып, 7 адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апаты болып, 7 адам қаза тапты. Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшысы Азамат Ахметов хабарлады.
2025 жылғы 5 шілдеде Kia Sedona автокөлігінің жүргізушісі Балқаш қаласына бағыт алып бара жатып, Ақшатау ауылына жетпей апатқа ұшыраған. Алдын-ала мәдімет бойынша, көлік жүргізушісі алда келе жатқан көліктерді басып озбақ болып, жол белгілеріне назар аудармаған, салдарынан жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскесіне шығып кеткен.
Апат кезінде көлік өртеніп кеткен. Жол көлік оқиғасы салдарынан 7 адам қаза тауып, жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілген.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Ахметов.